Білім • 11 Мамыр, 2023

Қазақстандық оқушылар Балқан олимпиадасында білімдерін сынап жатыр

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрама командасы математикадан халықаралық 40-шы Балқан олимпиадасына қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық оқушылар Балқан олимпиадасында білімдерін сынап жатыр

Биыл математикадан халықаралық Балқан олимпиадасы Түркияның Анталия қаласында өтуде. 40-шы олимпиадаға Балқан түбегінің 22 елінен және қонақ мемлекеттерден 130-дан астам қатысушы қатысып жатыр. Олардың қатарында Қазақстан құрама командасы да бар.

«Олимпиада - математика пәнінен дарынды оқушыларды ынталандыру және оларды шыңдауды көздейді. Сондай-ақ қатысушы елдердің өз арасында мектеп бағдарламалары мен тәжірибелері туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік жасалған. Қазақстан бұл олимпиадаға жыл сайын қонақ ретінде қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр», дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Қазақстан атынан қатысқан құрама командада 6 оқушы бар. Олар оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған үздіктер.

Айта кетейік, 40-шы Балқан математикалық олимпиадасының қорытындысы 13 мамырда белгілі болады.