Аймақтар • 11 Мамыр, 2023

Түркістан облысында 8 мыңнан астам шетел көлігі заңдастырылды

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында 8000 астам шетелдік көлік заңдастырылып, қазақстандық нөмір алды,  деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Түркістан облысында 8 мыңнан астам шетел көлігі заңдастырылды

Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмас Тастанбековтың айтуынша, өңірде шетелдік көліктерді заңдастыруға 14 306 азамат өтініш берген.

Бүгінде 8165 азаматтың көлігі тіркелді. Ал 1918 автокөлік иесінің құжаттары кері қайтарылыпты.

Департамент деректеріне сәйкес, тіркеуге ұсынылған көліктердің басым бөлігі Ресей Федерациясынан әкелінген. Одан кейінгі орында Армения, Қырғызстан, Грузия, Оңтүстік Корея, Латвия көліктері тұр.

«Шетелден әкелінген көлікті тіркеу үш мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізіліп жатыр. Одан бөлек, азаматтар құжатын онлайн тапсыра алады. Тіркеу үшін бастапқы төлем - 200 мың теңге», деп түсіндірді Алмас Тастанбеков.