Аймақтар • 11 Мамыр, 2023

Шымкентте 18 жүк вагоны рельстен шығып кетті

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 11 мамырда Абай ауданындағы «Игілік» теміржол өткелі аралығында Игілік-Бадам темір жол учаскесінде 18 вагон, оның ішінде 17 бос вагон бір бүйіріне аударылып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте 18 жүк вагоны рельстен шығып кетті

Шымкент қалалық ТЖД-ның хабарлауынша, аударылған вагондар жалпы саны 57 вагоннан тұратын «Шымкент-Арыс» бағытындағы №2489 жүк пойызының құрамында болды.

«Оқиға салдарынан әуе электр желілерінің 11 тірегі бүлініп, темір жол төсемінің ішінара зақымдануы орын алды. Аталған стансада вагондардың істен шығуына байланысты «Алматы-Маңғыстау»бағытындағы №77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кідірді», делінген Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ьвд

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына «ҚТЖ ҰК» АҚ құрамынан 55 адам және 1 қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды.

Ведомство өкілдері ешкім зардап шекпегенін қоса хабарлады.