Жалпы, құлдырау аясында кейбір екінші деңгейлі банктер оң үрдісті сақтап қалды. Атап айтқанда, жыл басынан бері Bereke Bank халық депозиттері портфелінің өсімі бойынша көшбасшы болды: бірден 7,9%-ға көбейіп, 2023 жылдың 1 наурызына дейін 222 млрд теңгеге жетті. Бір айда қаржы институты портфелі 3,4%-ға ұлғайды. Еске салайық, биыл көктемде бұл отандық банк жеке тұлғалардың депозитіне қатысты бірқатар акцияны іске қосты. Мысалы, қазір 30 сәуірге дейінгі «Сенім» депозиті бойынша науқан аясында 17,7%-ға дейін рекордтық ЖТСМ ұсынылады.
Жыл басынан бері депозиттердің өсімі бойынша екінші орында – «Фридом Финанс Қазақстан банкі». Ондағы салымдар 5,9%-ға көбейіп, 327,7 млрд теңге жеткен. Бір айда 0,2%-ды құраған.
Жыл басынан бері тағы 6 екінші деңгейлі банк өсім көрсетті: ВТБ банкі (5,7%), Home Credit Bank (4,7%), «Отбасы банкі» (4%), Al Hilal ислам банкі (3,4%), «Қазақстандағы Қытай банкі» (2,8%) және Қытай Сауда өнеркәсіп банкі (0,1%). Алайда ақпан айында бұлардың арасында 2 банктің – Al Hilal ислам банкі мен Қытай Сауда өнеркәсіп банкінің көрсеткіші төмендеген.
Аталған барлық қаржы институттарының ішінде Al Hilal ислам банкі де, қытайлық екі банк те, ВТБ банкі де біздің елдегі халықпен жұмыс істейтін негізгі ЕДБ болып саналмайды. Бұл банктердің әрқайсысының үлесі бөлшек депозиттер нарығының 0,1%-нан аспайды.
Шындығында, Қазақстандағы халыққа депозит ұстанатын ірі банктердің ішінде тек Bereke Bank, «Фридом Финанс Қазақстан банкі», Home Credit Bank және «Отбасы банкі» жыл басынан бері және бір айда оң көрсеткіш көрсетті.
Жыл басынан бері 21 екінші деңгейлі банктің 13-і, ал ай қорытындысы бойынша 11-нің көрсеткіші төмендеді.