Елдік мерейімізді асырған тағы бір игілікті шара елордада көрініс тапты. Ол физика пәнінен оқушылардың 45-ші Халықаралық олимпиадасы еді. Астанамыздың айбынын асырған Бейбітшілік және келісім сарайында тұсауы кесілген ақылдылардың білім сайысын Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ашып, 88 мемлекеттен келген 1000-ға тарта адамға еліміздің оқу жүйесіндегі стратегиялық мақсат, міндеттерді таныстырды. Ұлттық модельдің басым бағыты – зияткерлік элитаны қалыптастыру екенін тілге тиек етті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың салаға жасап жатқан ерекше қамқорлығын тарата айтып, дарынды оқушыларымыздың әлемдік білім сайысында топ жарып жүргенін, оған осының алдында Сингапурда болған олимпиадада үш бірдей алтынды қанжығаға байлағанымызды дәйекке келтірді. Ол бұдан кейін, төрткүл дүниеден білім бәйгесіне келген 700 оқушыға сәт сапар тіледі.
Сол секілді, физика пәні (ІРһО) бойынша Халықаралық олимпиада президенті Ханс Йорданс сөз алып, Қазақ елінің көркейген Астанасы өзін де, өзгелерді де тәнті еткенін атап өтті. Олимпиадаға дүние жүзінен келген оқушылар осындай жас қаланы қай уақытта да естерінде ұстап, ілтипат көрсететінін қадап айтқан ол, мұндай білім сайысы барлық жерде бола бермейтінін де назарға салды. Әлемдік деңгейде өтіп жүрген білім бәйгесінде қазақстандық оқушылардың әркез топ жаруы да бұл игілікті іске септігін тигізгеніне дәйектер келтірді. Шынында, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының деректеріне қарасаңыз Отанымыздың мыңнан тұлпар шыққан таланттары өткен жылы оқушылардың халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсында 967 жүлдені иемденіпті. Оның 188-і алтын, 298-і күміс, 463-і қола медаль екен.
Олимпиаданың салтанатты ашылуы үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтіп, ұлттық үлгіміздің небір жауһарлары сахна төрінен орын алды. Шашу шашылғанда түстері бөлек болғанмен, тілектері бір оқушылар ерекше ілтипат танытты. Ұлттық салт-дәстүрімізге, киім үлгілеріне, әнші Ардақ Балажанова «Пай-Пай» этно-фольклорлық ансамбліне қосылып «Қара жорға» әнін шырқағанда жүздері бал-бұл жанып, таспаға, суретке түсіріп жатты. Кейбіреулерімен тілдескенімізде: «Ұлттық жауһарларыңыз қандай керемет, қарап отырғанда ертегілер елінде жүргендей күй кешеді екенсің», деді таңданыстарын білдіріп.
Бұл білім бәйгесіне Қазақ елі бес ұланын үкілеп қосып отырғанын айта кетелік. Алты күн ішінде ақылды оқушылардың білімі анықталып, жүзден жүйріктерді марапаттау 20 шілдеде болады.
Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан».

Павлодарда ер адам есірткі қосылған көкнәр тұқымын сатқан
Есірткі • Бүгін, 13:13
«30%-ға артта қалып келесіздер»: Олжас Бектенов ҚТЖ басшылығына ескерту жасады
Үкімет • Бүгін, 13:02
Тобыл өзенінде суға батып кеткен атасы мен немересінің мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 12:55
Қарағанды облысындағы жаңартылған вокзалдар қашан ашылады?
Логистика • Бүгін, 12:39
Астанада 11-қабаттан құлаған велосипед баланы басып қала жаздады
Оқиға • Бүгін, 12:35
Испанияға қарсы ойнаған Кабо-Верде қақпашысы бір түнде әлемдік жұлдызға айналды
Футбол • Бүгін, 12:29
Айсәуле Қанаханың жұмбақ өлімі: Қылмыстық іс аясында дропперлерден жауап алынды
Қылмыс • Бүгін, 12:13
Елімізде 30 теміржол вокзалы жаңартылды
Логистика • Бүгін, 12:02
Жолаушы Каспий теңізінің үстінде ұшақтың есігін ашпақ болған
Әлем • Бүгін, 11:48
Петропавлда имамның ақшасын ұрлаған бойжеткенге сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 11:45
Түркістанда автокортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 11:37
Тұрғын үй маңына көлік қоюға тыйым салынады деген ақпарат жалған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 11:11
Жүргізушісіз такси: Алматы мен Астанада жаңа көлік қызметі енгізіледі
Технология • Бүгін, 11:07
Көші-қон заңнамасын бұзған 1 000-нан астам адам елден шығарылды
Заң • Бүгін, 10:55
«Елімай» – «Ордабасы» ойынына төрелік еткен Арман Есмұратов қамауға алынды
Футбол • Бүгін, 10:43