Бокс • 12 Мамыр, 2023

Төртінші боксшымыз әлем чемпионатының финалына шықты

669 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан боксшысы Асланбек Шымбергенов Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төртінші боксшымыз әлем чемпионатының финалына шықты

Жартылай финалда 71 келіге дейінгі салмақта Асланбек Шымбергенов үндістандық Нишант Девпен кездесіп, ұпай саны бойынша басым түсті.

Осылайша, Асланбек Шымбергенов әлем чемпионатының финалына шығып, «алтынға» таласады. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі) және Дулат Бекбауов (67 келі) финалға шыққан болатын.

Еске сала кетсек, Асланбек Шымбергенов - Азияның қазіргі чемпионы, сондай-ақ Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының капитаны.