Бокс • 13 Мамыр, 2023

Бүгін қазақ боксшыларынан кімдер рингке шығады?

1161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан астанасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында финалдың алғашқы күні екі қазақ боксшысы рингке шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін қазақ боксшыларынан кімдер рингке шығады?

Алтынға таласатын кездесуде 48 келіге дейінгі салмақтағы отандасымыз Санжар Тәшкенбай Грузия боксшысы Салих Аллахвердовимен жұдырықтасады. Бірінші сессияға жоспарланған жекпе-жек Астана уақытымен 18:00-де басталады. 

Екінші кезекте 67 келіге дейінгі салмақта қазақ боксшысы Дулат Бекбауов пен өзбек боксшысы Асадхуджей Муйдинхуджаев жұдырықтасады.

Тікелей эфир «Қазспорт» телеарнасынан көрсетіледі.