Көз түйістіру сәті ұзаққа созылған жоқ. Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы Стивен Батлер бірнеше секундтан кейін бірден көзін тайдырып кетіп қалды.
Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желі парақшасында пікір білдірді.
«Жолбарыстың жүрегіне жерік болған аналар мен қасқыр мінез бабалардың ұрпағымын! Әрине, қарсыластың көзге тіке қарағысы келмейтіні түсінікті. Ертең Құдай қаласа тарих бетін жаңартамыз», деді ол.
Еске сала кетейік, жекпе-жек ертең АҚШ-тың Калифорния штатындағы Стоктон қаласында өтеді. Тікелей эфир Астана уақытымен сағат 07:00-де басталады.