Тағайындау • 13 Мамыр, 2023

Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкіміммен Рустам Маратұлы Исатаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Рустам Маратұлы 1986 жылы туған, білімі жоғары. 2008 жылы Ұлыбританияның Дарэм университетінде «экономика», 2021 жылы АҚШ-тың Гарвард университетінде «Мемлекеттік басқару магистрі» мамандықтары бойынша білім алған. 

Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі макроэкономикалық талдау және жоспарлау департаментінің бас сарапшысы болып бастаған.

«Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС вице-президенті қызметтерін атқарған.

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымында болды.