Елорда • 14 Мамыр, 2023

Әлихан Мақсұт атындағы байқау

763 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елордада алғаш рет Әли­хан Мақсұт атын­дағы «RoboZerde-2023» І қалалық робот­тех­ника фестивалі өт­ті. Оқу­­шылар ро­бот­­­тех­никаның «Ро­бо­Спорт» және «Шығар­м­а­шылық жоба» ба­ғыт­тары бо­йын­ша сынға түсті.

Әлихан Мақсұт атындағы байқау

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»

Фестивальдың мақсаты – өмірден ерте озған дарынды оқушы, физика, роботтехника салалары бойынша республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардың бірне­ше дүркін жеңімпазы Әли­хан Серікзатұлы Мақ­сұт­тың ғибратты ғұмырын мек­теп оқушыларына үлгі ете отырып, елімізге қажетті бо­ла­­шақ техник мамандарды даяр­лауға қолдау көрсету, сон­дай-ақ оқушылар жасаған ин­но­вациялық жобалар мен өнертабыстарды халыққа кеңінен насихаттау.

аппп

Іс-шараны Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситеті, «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анық­тау орталығы, №9 «Зер­де» ма­мандандырылған мек­тебі, «Ро­ботек» роботтехника мек­­тебі және Әлихан Мақ­сұт атындағы Дарынды балаларды қолдау қоры бір­лесіп ұйымдастырды. Қор­дың басшысы – Әлихан Мақсұттың әкесі, белгілі ақын Се­рікзат Дүйсенғазы атап өт­кендей, фестиваль жыл са­йы­н мамыр айында дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Да­рынды оқушылардың ғы­­лыми дағ­дысын шыңдау үшін фест­валь­ды келешекте рес­пуб­ли­калық, халықаралық деңгейге көтеру жоспарланып отыр.

Фестивальдың ашылу рә­сіміне қатысқан «Amanat» пар­тиясының ат­қа­ру­шы хатшысы, Мәжіліс депутаты Елнұр Бей­сенбаев сол көшті бастайтын ел­дердің қатарында болу үшін ғылым мен технологияға ден қою керектігін алға тартты. «Ғы­лым дамыса, еліміз де да­миды. Сонда жастар ара­сы­нан әлем мойындаған ға­лымдар суырылып алға шы­ғады. Осы орайда мұндай фес­тиваль­дардың алатын орны ерек­ше екенін атап өту керек»,  деді ол.

С.Дүйсенғазы ғылыммен айналысып жүрген жастарды насихаттау, оларға қолдау көрсету қажет екенін атап өтті. «Елімізде ғылым, техника, инженерия саласында жас та болса жаңалық ашып, қабілет-қарымын танытып жүрген жеткіншектер аз емес. Тіпті шетелде білім алып келіп, ғылымға жаны құштар шәкірт тәрбиелеп жүрген дарынды азаматтар бар арамызда. Өкініштісі сол, ел ертеңіне елеңдеген ұстаздарды, олар баптап отырған оқушыларды іздеп барып, ісін елге танытып жатқан ешкім жоқ. Еліміздің болашағы – технологияда. Жас ғалымдарымызға қолдау көрсетіп, шабытына шабыт қо­сатын, қиялына қанат біт­і­ре­тін – сіздер мен біздер», деді ол.

Жиынға Парламент Мә­жілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы, экс-министр А.Қ.Аймағамбетов бас­таған бір топ депутат қа­ты­сып, сөз сөйледі.

Фестиваль барысында бел­гілі кинорежиссер Мұрат Ес­жан түсірген «Әлиханның ар­маны» атты деректі фильм көрсетілді.

Ал жүзден жүйрік шық­қан оқушыларға қомақты қар­жылай сыйлықтар табыс етіл­ді.

Соңғы жаңалықтар

Көп күттірген күрежол ашылды

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2024

Климаттың өзгерісі әлемді алаңдатады

Экология • 07 Желтоқсан, 2024

Жас зерттеушілер форумы

Форум • 07 Желтоқсан, 2024

Ілкімді жобалар ілгері оздырады

Экономика • 07 Желтоқсан, 2024

Атакәсіпті ардақ тұтқан

Еңбек • 07 Желтоқсан, 2024

Талабы таудай тас қопарар

Маман • 07 Желтоқсан, 2024