Спорт • 14 Мамыр, 2023

Әлем кубогінде топ жарды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мажарстанның Сегед қаласында мә­ресіне жеткен байдарка мен каноэде ескек есуден Әлем кубогінің алғаш­қы кезеңінде отандасымыз Мария Бров­кова алтын медаль жеңіп алды.

Әлем кубогінде топ жарды

Спортты дамыту дирекциясының дерегіне сәйкес C-1 санатындағы 1000 метрге жарысуда бақ сынаған Мария мәре сызығын 4:49.91 секундта кесіп, Әлем кубогінің алғаш­қы кезеңінде жеңіске жетті. Одан кейінгі сатыларға әлем чемпионатының күміс жүл­дегері мажарстандық Жофия Кисбан мен оның отандасы Жофия Каталин Чорба тұрақтады.

Жалпы, Сегед қаласындағы жарыс жолы 18 жастағы қазақ спортшысына жақсы таныс. Мария былтыр осы қала қабылдаған 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында да 1000 метр қашықтықта жеңімпаз атанған еді.