«Қазіргі кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетінде 11 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Кейбір істер бойынша тергеу аяқталды, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл (қаңтар оқиғасы бойынша) қылмыстық қудалауға байланысты», деді Марат Қалқабаев.
Сондай-ақ ол лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі күшейтілетінін айтты.
«Сонымен қатар қаңтар оқиғасынан кейін бірден Ұлттық қауіпсіздік комитеті ауқымды қызметтік тексеріс жүргізді. Осы орайда бұйрық талаптары мен қызметті атқару тәртібіне, оның ішінде лауазымды тұлғалардың жауапкершілігіне қатысты елеулі өзгерістер енгізілді. Мұнымен қоса, бүгін талқыланып жатқан заң жобасында әр қызметкер іс-әрекетінің белгілі бір алгоритмі мен патриотизмді тәрбиелеуге бағытталған тиісті түзетулер көзделген», деді ҰҚК өкілі.