Спорт • 15 Мамыр, 2023

Әлем чемпионатындағы жеңісі үшін боксшыларымыз 1,3 млн доллар алады

3644 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Ташкентте өткен әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды. Оның төртеуі - алтын және біреуі - күміс, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әлем чемпионатындағы жеңісі үшін боксшыларымыз 1,3 млн  доллар алады

Аталған марапаттар үшін қазақстандық боксшылар халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) қомақты қаражат алады. Мысалы, алтын - 200 000 долларға, күміс - 100 000 долларға бағаланады.

Сонымен қатар, Қазақстан бокс федерациясы да чемпиондарды құр алақан қалдырмайды. Оларға  қосымша 100 000 доллардан төленеді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы  турнирдің жалпы жеңімпаздары мен жүлдегерлері 1 300 000 доллар табыс тапты. 

Естеріңізге сала кетейік, Санжар Тәшкенбай (48 кг), Махмуд Сабырхан (54 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг) және Нұрбек Оралбай (80 кг)әлем чемпиондары атанса, Дулат Бекбауов (67 кг) күміс медаль еншіледі.