Қоғам • 15 Мамыр, 2023

Торыш алқабынан ерекше тастарды тасығандар жазаға тартылмайды

562 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық блогер Әсет Мырзабаев Маңғыстау облысындағы Торыш алқабынан ерекше тастар (шар тәріздес минералды түзілімдер, конкрециялар) ұрланып жатқанын айтқан еді. Өңірлік полицияның баспасөз қызметі хабарлағандай, ұрланған тастар орнына қайтарылады, деп хабарлайды Egemen.kz tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап. 

Торыш алқабынан ерекше тастарды тасығандар жазаға тартылмайды

Блогер  оқырмандарымен бөліскен видеода Маңғыстау облысында жүргенін және оның көз алдында Торыш алқабында адамдар ерекше тастарды жүк көлігіне  тиеп жатқанын айтқан еді. 

Бұл видео халық арасында үлкен резонанс тудырды. Осы орайда облыстық полиция департаменті де пікір білдірді.

«Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде «шарлар алқабында» түсірілген видео тексерілді. Полицейлер жүргізушінің кім екенін анықтады. Заңбұзушылармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Тастар орнына қайтарылды», деді ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

а

Торыш (Торыс) алқабы Батыс Қаратау тауларының солтүстік шетінде, яғни Маңғыстау облысының Алтынқазған жерінде, Ақтау қаласынан жүз шақырым жерде орналасқан.

Айта кетсек, «шарлар алқабының» құпиясы өте көп. Аталмыш жерде дөңгелек тастардың қайдан пайда болғаны туралы нақты дерек жоқ. Десе де, жұмбақ тастардың пайда болуы туралы бірнеше нұсқа бар. Олардың ғылыми атауы - конкрециялар. Зерттеушілердің сөзінше, бұл тастардың ішінде химиялық кестедегі барлық элемент болуы мүмкін.