Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.
Конкурсқа кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері қатыса алады. Конкурс 3 номинациядан тұрады:
- «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көпең көп санды әулет таңдалады.
- «Өндірістің үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;
- «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.
Конкурс 2 кезең бойынша өтеді:
- Облыстық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын іріктеу.
- Республикалық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын іріктеу.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
- Номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;
- Жеке куәліктің көшірмесі;
- Номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
- Конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б., 1 минуттік компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
- Еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;
- Жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.
Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):
- Мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері;
- Біліктілікті арттыру туралы куәліктер (бар болса).
Барлық құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 1 мамырынан бастап 15 шілдеге дейін жүргізіледі.