Теннис • 15 Мамыр, 2023

Жүлдеге жалғыз өзі таласады

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 турни­рінің төртінші айналымына өтті.

Жүлдеге жалғыз өзі таласады

Еліміздің даңқты теннисшісі үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 57-орында тұрған ресейлік Анна Калинскаямен шеберлік байқасты. Бірінші партияның үшінші геймінде ресейлік теннисші брейк жасап, есепте алға шығып алды – 3:1. Бірақ алтыншы геймде Ры­бакина өз қателігін түзетіп, қайыра брейк жасады. Таразы басын теңестірген Елена кейінгі геймде де сенімді ойнап, есепте бас­ым­дыққа ие болды – 4:3. Осы мезетте А.Калин­ская жара­қатына байланысты бәсекені жалғас­тырудан бас тартты. Сөйтіп, небәрі 35 минутқа жалғасқан матчта отандасымыз 3 эйс, 1 брейк жасап, жарыстың төртінші айналымына жолдама алды. Елена кеше әлемнің 70-ракеткасы чехиялық Маркета Вондроушовамен кездесті.

Өкінішке қарай, ерлер арасындағы әлем­нің 49-ракеткасы Александр Бублик турнирдің төртінші айналымына шыға алмады. Бублик үшінші айналымда әлемнің 4-ракеткасы норвегиялық Каспер Руудпен шеберлік байқа­сып, аса тартысты өткен бәсекеде қарсы­ла­сы­на тай-брейкте есе жіберді – 1:6, 6:4, 6:7 (0:7).

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024