Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша, жарыстың соңғы күнінде Сергей Емельянов пен Руфина Искакова (C2 mix) жұптық сында 500 метрге жарысып, мәреге бірінші болып жетті. Отандық жұп каноэде бұл қашықтықты 1:51.97 секундта жүзіп өтті. Кейінгі орындарды Польша мен Мажарстан құрамасының спортшылары иеленді. Жұптық сынның финалында тағы бір жерлестеріміз өнер көрсетіп, жүлдеге сынық сүйем жетпей, 4-сатыда қалып қойды. Тимофей Емельянов пен Маргарита Торлопова финалда 1:53.62 секунд нәтиже көрсетті.
Осының алдында Мария Бровкова 1000 метрге жарыста алдына жан салмаған еді. Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем кубогінде 2 алтын медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте 8-орын алды.