Спорт • 15 Мамыр, 2023

Үздіктерге қосыла алмады

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италия тас жолдарында өтіп жатқан «Джиро д’Италия» велокөпкүндігінің тоғызыншы кезеңі өз мәресіне жетті.

Үздіктерге қосыла алмады

Терни мен Фоссомброне қалаларын жал­ғап жатқан 207 шақырым жолды бірінші болып Ирландия өкілі Бен Хили (EF Education-EasyPost) жүріп өтті. Ол мәре сызығын 4 сағат 44 минут 24 секундта кесті. Екінші және үшінші орындарды 25 жастағы канадалық Дерек Джи (Israel – Premier Tech) мен 24 жас­тағы италиялық Филиппо Зана (Jayco AlUla) иеленді. Ал «Астана» сапынан бұл кезеңде ең үздік нәтижені италиялық велошабандоз Симоне Веласко тіркеді. Ол мәреге 37-ші болып жетті.

Ал жалпы есепте норвегиялық Андреас Лекнессунд (Team DSM) жеке-дара көш бас­тап тұр. Оны британиялық Герайнт Томас (Ineos Grenadiers) пен словениялық Примож Роглич (Team Jumbo–Visma) өкшелеп келеді. «Астана» клубының бірде-бір өкілі үздіктер қатарына қосыла алмай жүр. Симоне Веласко 27-сатыда тұр.