Хоккей • 15 Мамыр, 2023

Екінші ойында есе жіберді

264 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қалаларында өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатының екінші күнінде еліміздің ұлттық құрамасы төрт дүркін жаһандық доданың жеңімпазы Чехия хоккейшілерімен шеберлік байқасып, ірі есеппен жеңіліп қалды.

Екінші ойында есе жіберді

Жерлестеріміз алғашқы тур­да Норвегия құрамасын бул­лит сериясында тізе бүк­тіріп, жігерлі жеңіске жеткен соң жан­­күйерлер Ғалым Мәм­бе­та­лиев­тің шәкірттерінен ке­лесі матч­­та да тәуір нәтиже күткен еді.

Алайда отандастарымыз 1998 жылғы Олимпиада чем­пионы, былтырғы әлем бірін­ші­лігінің қола жүлдегерінен же­ң­ілді. Алғашқы кезеңде Чехия хоккейшілері екі мәрте Андрей Шутов қорғаған қақпадан са­ңы­лау тапты. 9-минутта Якуб Збор­жил кездесудің есебін ашса, 16-минутта Доминик Кубалик сан басымдығын жүзеге асырып, таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді.

Екінші айналымда жерлес­­­теріміз қарқынын арттыр­ға­нымен, Чехия құрамасының қақпасына шайба соға алмады. 30-минутта ойынның бас төрешісі біздің қақпаға буллит белгілегенімен, оны Доминик Кубалик голға айналдыра алмады. Жалпы, екінші кезеңде Андрей Шутов белсенді ойнап, қақпасына бірде-бір шайба да­рытқан жоқ. Есесіне, 32-минут­та Максим Мұхаметов мер­ген­дігімен көзге түсіп, есеп айыр­­масын қысқарта білді.

Үшінші 20 минуттықта да жер­лестеріміз шайба соғып, ой­ынды овертаймға дейін ұлас­тыратын мүмкіндігі бол­ған еді. Бірақ көп хоккейші­­міз әлем чемпионатына, ха­лықаралық деңгейдегі жарыс­тарға алғаш рет қатысып жат­қандықтан ба екен, жалпы жиі қателікке бой алдырып, дө­рекі ойнады. Нәтижесінде, хок­кейшілеріміз бірінен соң бірі екі минуттық айыппен жазаланып, қарсыластардың басымдығын пайдалануына мүмкіндік беріп қойды.

Соңғы кезеңде біздің қақ­паға соғылған үш шайбаның екеуін Чехия құрамасы сан ба­сымдығын пайдаланып соғып кет­ті. Кезең басталған бетте Лу­каш Седлак дәлдік танытса, ара­да төрт минут өткенде Ян Кош­талек Чехияның төртінші шай­басын соқты. Ал бәсекенің аяқ­талуына бір минут қалғанда До­миник Кубалик дубльдің авторы атанып, ойынның нүктесін қойды – 5:1.

В тобында Швейцария, Ка­нада, Чехия, Словакия, Нор­вегия, Латвия және Словения құра­маларымен бақ сынап жат­қан жерлестеріміз бүгін екі ойында 6 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұрған Швейцариямен кездеседі.