Елорда • 15 Мамыр, 2023

100 отбасына – тегін газ

345 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанада әлеуметтік аз қамтылған 100 отбасы газға тегін қосылады. Олардың ішінде зейнеткерлер, мүгедектігі бар жандар, көпбалалы және тағы басқа санаттағы тұрғындар бар.

100 отбасына – тегін газ

Астана әкімдігі «Halyk Bank»-пен бірлесіп, Алматы және Сарыарқа аудандарындағы 100 жеке үйді тегін газдандыру туралы меморандумға қол қойды. Жалпы, бюджеті 230 млн теңгені қамтитын газдандыру жобасы «Halyk»-тың 100 жылдығына арналған «100 игі іс» ауқымды науқаны аясында іске асырылып жа­тыр. Биыл «Halyk Bank» қаражаты есебінен мұқтаж отбасылар тұратын 230-ға жуық тұрғын үйді, дәлірек айтқанда, Астанадағы 100 үйді және Алматы қаласының Наурызбай, Алатау және Медеу аудандарында тұратын 130 үйді газға толықтай қо­­су үшін қаржыландыру жоспарла­нып отыр.

«Астана қаласындағы Алматы және Сарыарқа аудандарында газға қолжетімділік толық қамтамасыз етілген. Бұл – шамамен 12 мың абонент. Оның ішінде 8 мыңнан аса абонент газға қосылды. Үйлерді газға қосу шығындарын азайту үшін жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 450 мың теңгеге жуық сомаға газдандыру шығындарына өтемақы көзделген, сондай-ақ құны 150 мың теңгеге жуық есептеу құралдары тегін беріледі. Бұрын банкпен пайызсыз несиелеу бағдарламасы іске қосылған еді. Енді «Halyk»-пен елордадағы 100 үйді тегін газдандыру жобасын іске асыруға кірісеміз. Қалған аудандар бойынша газ құбырын жеткізу желілерін, орамішілік желілерді салу жұмыстары келесі жылы жүргізіледі. Газдандыру үдерісі – Мемлекет бас­шы­сының бақылауында», деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.

Қазіргі уақытта елорда әкімшілігі әлеу­мет­тік осал санатына жататын мұқтаж адам­дардың тізімін ұсынды. Оларға мате­риал­дық жағдайы газдандыруды өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ тұрғындар енгізілді.

Банктің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың айтуынша, «Halyk» бірнеше жыл бойы газдандыру мәсе­лесін шешуге өз ре­сурс­тарын салып жатыр.

«Біз азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін банктік қыз­мет­терін жетілдіру бүкіл республика бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы да үнемі өз үлесімізді қосып келеміз. 2021 жылы банк Алматыда жалпы сомасы 92 млн теңгеге 100 жеке үйді толықтай газдандыруды қаржыландырды, сондай-ақ тұрғын үйлерге газ жүр­гізуге жеңілдікпен несие берудің жеке бағдарламасын іске қосты. Банк тұрғын үйлерге газ жүр­гі­зуге же­­ңіл­дікпен несие берудің жеке бағ­дар­ла­масын іске қосты. Газдандыру жобасын жалғастыра және кеңейте отырып, біз бірден екі міндетті – отандастарымыздың неғұрлым осал топтарына көмектесуге және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға барынша жәрдемдесуге тырысамыз», деді Ү.Шаяхметова.