Қарағандыдағы профессор Хафиз Мұқажанов атындағы травматология және ортопедия облыстық орталығының сүйек-буын жүйесінің жарақаты мен ауруларын емдеудегі үлгілі іс-қызметі ертеден ел аузында. Алдымен, аталған есімнің ардақ тұтылуын айта кетсек, бұл кісі осы орынның негізін қалаған, саланың санаулы шебер хирургі ретінде танылған, сүйектің туа біткен қисығына және сыныққа операция жасауды жетілдіру жөніндегі ғылыми еңбектері құндылығын жоғалтпаған белгілі тұлға. Алдынан сабақ алып, тәжірибесін түйіп, еліміздің медициналық мекемелерінде ісін жалғастырушы шәкірттері жүздеп саналады.
Облыстық делінгенмен мұндағы шын мәніндегі алтын қолды оташылар мен дәрігерлердің дәрменді шипасы жайлы ризалық лебіздер айшылық жерлерге де жетіп жатуы-ақ атақ-беделін аңғартар жай. Осындайлық медициналық мекеме қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі, бірінші санатты травматолог-ортопед Джамалиддинов Видади Сохрабоғлы баян еткендей соңғы жылдарда диагностика мен емдеу үшін заманауи құрал-қондырғылардың молынан қолдануы, инновациялық технологиялар ендірілуі арқасында сүйек сынықтарын қалпына келтіру және оңалту жаңа сапалық деңгейге көтерілген. Соған байланысты сәтті істердің лайықты бағалануы аз емес. Былтыр Оксфордтағы Еуропалық бизнес ассамблеясының кәсіби деңгейі жоғары «Ең үздік кәсіпорын» Сократ сыйлығымен марапатталуы соның бір дәлелі деуге болады. Ал жақында медициналық қызмет көрсету мекемелерінің сапалық көрсеткіші бойынша «European Awards for Best Practices» сыйлығы тағы мәртебе асырды.
Мұнда тірек-қимыл жарақатын алған, тізе-буын сырқатына шалдығушылардың жылына 6 мың пациентіне тәуліктік стационар бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Дене зақымына қарай шұғыл жасалатын операциялардың өзі 4 мыңнан асып жатады.
Бүгінде әртүрлі жағдайларға байланысты жарақаттанушылар, аяқ-қол қызметі нашарлаушылар аз емес болғандықтан олардың тез қабылданып-қаралуын қамтамасыз ету басты мақсат болып табылады. Ауруларды қабылдау екі кезек бойынша ұйымдастырылуы онсыз да қиналып келушілердің уақыт ұзатпай қарала алуына мүмкіндік жасап, көңілдеріне дем береді. Біз аталған бөлмені аралап танысқанымызда, ғажабы сол, әдетте осындайғы басқа орындардағыдай ұзақ сонар кезек күтіп, ренжіп-күйініп отырушыларды көре алмадық. Клиниканың бөлімшелері 210 кереуетке есептелген. Ересектер мен балалар жарақаты мен ортопедиясы, күйік және ірің жарақаты, шұғыл жарақат, оңалту мен қалыпқа келтіру, күндізгі стационар бөлімшелері жұмыс істейді. Егер көрсетілген медициналық қызмет сапасына қанағаттанбаған жағдайда мәселені шешу үшін көмектесетін бөлімше де бар.
Науқастарға медицинаның соңғы озық технологиялары пайдаланыла отырып, ем қолданылады. Соның бірін айтқанда, мәселен, өсірілген аллофибробластерді күйік шалған кезде жедел емдеуге қолдану елімізде алғаш рет ендірілді. Оны трансплантациялау тері бетінің 10 пайыздан астам бөлігіне тері алмастырғанда жүзеге асырылады. Былтырғы жыл аяғынан бастап ендірілген бұл әдіс 5 пациентке сәтті жасалған. Барлық жағдайда оң әсері байқалды.
– Ерекшелігі сол, адам өзінің аутотранспланттары едәуір ұласып өсіп, жараның іріңдеуі орын алмайды. Сонымен бірге, қайтадан ота жасау талап етілмейді және ауру алдыңғы жалпыға бірдей әдіспен ем алғандарға қарағанда аз мерзім ішінде емделіп шығады, – дейді Видади Сохрабоғлы. Сондай-ақ, ол атап өткендей, қойылған диагнозды нақтылау үшін компьютерлік томографияны, остеоденситометрияны, сүйектің минералды тығыздығын анықтайтын ультра дыбысты зерттеуді, жаңа үлгідегі ең сезімтал рентгенологиялық аппараттарды қолдануда қателесу ықтималдығын алдын алуға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде сырқат сыры дәл анықталып, ота жасау немесе отасыз емдеу сәтті жүргізіледі.
Міне, аймақтағы, қала берді еліміздегі белді травматология және ортопедия орталығы сан-салалы қызметінің бір парасы, оны жақсарта түсудегі ізденіс іздері осындай.
Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ҚАРАҒАНДЫ.

АҚШ НЛО туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03
Шымбұлақ пен Еуразияның әйгілі курорттары Жасыл хартияға қол қойды
Туризм • Бүгін, 13:50
Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53