Президент • 16 Мамыр, 2023

Ұлттық құраманың бас бапкері Президентке бокс қолғабын тарту етті

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін 2023 жылғы бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары – Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай және күміс медаль иегері Дулат Бекбауов, сондай-ақ бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері мен бапкерлері Ақорда резиденциясында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық құраманың бас бапкері Президентке бокс қолғабын тарту етті

Спортшыларды қабылдаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан намысын қорғаған боксшыларды әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтап, бұл жеңіс тұтас еліміз бен ел азаматтары үшін айтулы оқиға екенін атап өтті.

Кездесу  барысында Президент спортшыларға сәттілік тілеп, Қазақстан бокс федерациясының басшылығына, спортшылар мен бапкерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарын табыс етті. 

Ал бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа бокс қолғабын сыйлады.

Ит