Теннис • 16 Мамыр, 2023

Ширек финалға шықты

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан теннистен WTA 1000 санатындағы «Мас­терс» турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Ширек финалға шықты

Әлемдік рейтингте алтыншы орында тұрған жерлесіміз Апеннин түбегіндегі теннисшілер бәсекесінің төртінші айналымында дүниежүзілік рейтингте 70-орында тұрған чехиялық Маркета Вондроушовамен шеберлік байқасты. Осыған дейін қар­сыластар 2021 жылы Мәскеудегі жарыста бір мәрте кездесіп, онда чехиялық теннисші екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы отандасымыздың мерейі үстем болды.

Бірінші партияның алғашқы геймінде Рыбакина қателікке бой алдырып, қар­сы­ласының брейк жасауына мүмкіндік беріп қойды. Алайда кейінгі екі геймде өзі қайыра брейк жасап, есепте алға шығып алды – 3:1. Содан кейін жерлесіміз тағы үш геймде мық­тылық танытып, алғашқы партияны 6:3 есебі­мен өз пайдасына жазды. Екінші сетте Елена қарқынын арттырып, ә дегеннен 4:1 есебімен алға ұзап кеткенімен, чехиялық спортшы қайыра брейк жасады. Дегенмен бұл партияда да Рыбакина 6:3 есебімен басымдық танытты. Елена жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингте 24-сатыда тұрған хорватиялық Донна Векичтің бірімен кездеседі.

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024