Айдың үздіктерін анықтау мақсатында ҚКФЛ ішкі біріншіліктегі командалардың бапкерлері мен капитандары арасында дәстүрлі сауалдама өткізді. Нәтижесінде, «Қызылжардың» бас бапкері Әли Әлиев сәуір айының үздік бапкері атанса, «Қайрат» ойыншысы Жоао Пауло өткен айдың үздік футболшысы деп танылды.
Петропавл командасы сәуір айында төрт матч өткізіп, соның үшеуінде жеңіске жеткен. Бір матчта тең түсті. Сонымен қатар кубок ойынының ширек финалында «Жетісу» командасынан басым болды. Әлиевке 13 әріптесінің сегізі дауыс берген. Ал команда капитандары дауыс берген сауалдамада «Қайраттың» шабуылшысы Жоао Пауло ең көп дауысқа ие болды. Бразилиялық футболшы сәуір айында чемпионат пен кубогтің алты ойынында бес голмен және бір нәтижелі паспен көзге түсті.