– Біздің облыс биыл алғаш рет Отбасы күні мерекесін атап өтіп жатыр. Сіздердің нақ осы күні қол ұстасып алдағы өмірге бірге аттағалы тұрған сәттеріңізге куә болғаныма қуаныштымын. Сіздерге бақыт, шаттық, қуаныштар мен жақсылық тілеймін, – деген Ғалымжан Мұратұлы жас жұбайларға облыс әкімдігі атынан сый-сияпат жасап, неке куәліктерін тапсырды.
Құсын қолына қондырған азаматтардың екеуі де – қарапайым еңбеккерлер. Айталық, Ақжол Мәмбетбай №1 Жезқазған байыту фабрикасында конвейер машинисі болса, Әлі Махмұд Жезқазған мыс қорыту зауытының электрлиздеу цехында құрастырушы екен. Әлінің келіншегі Лиза тіс дәрігері болса, Ажолдың таңдаған жары Ақжан болашақ педагог көрінеді.
Ақжол мен Ақжанның туған күндері бірдей болса, Әлі де, Лиза да өз үйлерінің екінші перзенттері екен. «Өсетін мал түстес келеді» дегенге сайып, Отбасы күні отбасын құрып жатқан жастардың мұндай өзара ұқсастықтарын біз де жақсылыққа жорыдық.
Жезқазған