Қоғам • 17 Мамыр, 2023

Алматы облысында көлік алдына секіріп ойнаған оқушының ата-анасы жазаланды

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында мектеп оқушысы өтіп бара жатқан көліктердің алдына секіріп ойнаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында көлік алдына секіріп ойнаған оқушының ата-анасы жазаланды

Әлеуметтік желіде мектеп оқушысының экстремал әрекеті түсірілген видео тарап кетті. Онда орта мектеп оқушысының жолда өтіп бара жатқан көліктердің алдына секіріп ойнағаны көрсетілген. Видеода бала көлік жүріп жатқан жолға секіріп, жүк көлігінің алдына шығады да, соңғы сәтте қайта жол жиегіне секіреді. Бұл әрекетін бірнеше рет қайталайды. 

Алматы облысы Полиция департаментінің полицейлері оқушының жеке басын анықтаған.  Ол Казцик ауылындағы №6 мектептің оқушысы болып шықты.

«2010 жылы туған кәмелетке толмаған баламен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасына ҚР ӘҚБТк-нің 127-бабы «Тәрбие және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғаңыздар», деді полиция қызметкері.

Тәртіп сақшылары ата-ана баласының тәрбиесіне жауапты болуын, оның ішінде жолда жүру ережелерін үйретуге міндетті екенін ескертті.