![Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында 13-ші гол соқты](/media/2023/05/17/ffbff516e2d29c8d7f22fe59cb4caf4963cc36d8840b1931313884.jpg)
«Әл-Наср» – «Әл-Тай» жекпе-жегі Сауд Арабиясы чемпионатының 27-туры аясында өтті, онда Роналду өз командасының бірінші голын пенальтимен соқты.
Бұл доп Португалия жұлдызының 13-ші активі болды. Еске сала кетсек, танымал футболшы Сауд Арабиясының Суперлига матчтарына «Әл-Наср» жейдесін киіп шықты. Осы орайда Криштиану чемпионаттың үздік бомбардирлері тізімінде бесінші орынға жайғасқанын да айта кету керек.
Кезекті жеңісінен кейін «Әл-Наср» 27 матчта 60 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орын алды. Әзірге Роналду клубынан үш ұпаймен алда тұрған «Әл-Иттихад» көш бастап тұр.