Кездесу барысында қазақ ұлттық спортының дамуы мен екі ел арасындағы жұмыс жоспарлары талқыланды.
Қос тарап қыркүйек айында Баян-Өлгийде аударыспақтан Азия біріншілігін өткізу жоспарын қарастырды.
Айта кетсек, өткен аптада Алматыда Қазақстанның аудыраспақ федерациясы өкілдері Моңғолиядан келген делегациямен кездесіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.
Сол кездесуде Моңғолиядағы аударыспақ спортын дамыту мәселесін талқылап, Дүниежүзілік халықаралық аударыспақ федерациясын құру жөнінде тарихи шешім қабылдап, федерацияның президенті болып Марат Жұман сайланған еді.