16 Шілде, 2014

Ақпараттар ағыны

220 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
*Кеше ертеңгісін Мәс­кеу метросында төтенше оқиға орын алды. Әзірше бел­гісіз себеп бойынша вагон­дар рельстен шығып кет­ті. Опат болғандар саны 19 адам делініп отыр. 161 адам жа­раланған. Оның 118-і ау­ру­ханаларға жатқы­зы­лыпты. *Израиль үкіметі Мы­сыр­дың бастамасы бойынша Газа секторында оқ атуды тоқ­татуға келісімін берді. Бірақ бұған ХАМАС көнер емес. Бұл ұйым өзі тарапынан Израильге бірнеше қарсы талап қойды. *БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңесі Сириядағы мұқтаждарға жанжалдасушы тараптар ара­сындағы майдан желісі арқы­лы көмек жеткізуге мүм­кіндік беретін қарарды бірауыз­дан қабылдады. Шека­ра мен майдан шебінің ашы­лу мерзімі 180 күн деп белгіленген. Қажет деп табылса, оны ұзартуға да болады. *Ресей президенті Вла­димир Путин БРИКС (Бра­зилия, Ресей, Үндістан, Қы­тай және Оңтүстік Африка Рес­публикасы) елдерін АҚШ және оның одақтастарымен келіс­пейтін мемлекеттерге айдап салу әрекеттеріне қарсы тұруға шақырды. *БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун өзінің Сирия бой­ын­ша арнайы елшісі етіп ита­лиялық дипломат Стаффан де Мистуруды тағайындады. Бас хатшы мұндай шешімге бірқатар консультациялар өткізгеннен кейін келген. nҰлыбритания үкі­ме­тінің басшысы Дэвид Кэме­рон отставкаға кеткен үкі­мет мүшелерінің орнына жаңа­ларын тағайындады. Қорғаныс министрі орынтағына Майкл Фэллон, ал сыртқы істер ми­нистрі орынтағына Филип Хэм­монд отыратын болды. *Шенген келісіміне мүше елдер таяудағы жылдары шекарада 15 күнге дейінгі қысқа мерзімді визалар беруді жоспарлап отыр. Визалардың бұл жаңа түрі «турне-виза» деп аталмақ. «Тұрақты саяхатшылар» категориясына иелер 3-5 жылға арналған көп дүркін визалар алатын болады. *АҚШ әскери-теңіз күш­терінің «Велла Галф» зымы­рандық крейсері Қара теңізді тастап шығып, Жерорта теңізі аумағына енді. Аталған корабль «Бриз-2014» деп аталған НАТО-Болгария бірлескен әскери-теңіз жаттығуларына қатысқан болатын. *Жапонияның сол­түстік-шығысындағы Хонсю ара­лында магнитудасы (жер астындағы дүмпу) 6,8 бал­дық жер сілкінісі тіркелді. Әуел­де цунами қатері туралы жа­рияланғанымен, ол үлкен қауіп төндіре қойған жоқ. Ақпарат агенттіктерінің материалдары бойынша дайындалды.