Мектеп • 17 Мамыр, 2023

Атыраудағы Әбіш мектебі

618 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алыстаған сайын биіктейтін адамдар бар. Ел тәуелсіздігінің қалыптасуы кезеңінде көсемдік, кемеңгерлік болмысын танытқан ұлт перзентінің бірі – жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлы. Қаламгерлік пен қайраткерлік, мемлекетшілдік пен отаншылдық қасиетімен биіктеген таудай тұлғаның есімі ұлт тарихына да, ел-жұрт жадына да ұмытылмастай сақталған.

Атыраудағы Әбіш мектебі

Ел, ұлт тарихы жөнінде ақ­тарыла сөйлегендегі шешендігі мен суреткерлік шеберлігі біте қабысып, қазақ руханиятына мол мұра қалдырған қаламгердің есімі Атырау қаласындағы №41 мектеп-гимназияға берілді. Осыған орай мұнайлы шаһардың «Самал» шағын ауданында орналасқан мектепте арнайы іс-шара өтті. Оған ұстаздар мен оқушылар, қала әкімдігінің, білім мен мәдениет саласының қызметкерлері, тіл жанашырлары мен ата-аналар қатысты. Қазір білім ордасында 800-ден аса оқушы білім алады. Алдағы оқу жылында мұнда «Әбіштану оқулары» бағытымен қосымша сабақ жүргізу жоспарланып отыр.

– Әбіш Кекілбайұлы – қазақ­тың рухын көтерген, мақтанышы бол­ған қаламгер. Қаламгерлікпен шек­телмей, саяси істе де кең жү­ре­­гімен, дарқан мінезімен сөз­дің қадірін, қасиетін таныт­ты. Саяси қайраткер ретін­де ел тәуелсіздігін нығайту­дың, мем­лекеттілікті қа­лып­тастырудың, халықты бір­лікке ұйыту мен ұлт­қа адал қыз­мет етудің үлгісін көрсетті. Білім ордасының оқу­шылары ұлт зия­лысының адами қасиетін бойына сіңіріп, қоғамның белсенді аза­маты боларына сенемін, – деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.

 

Атырау облысы