Тәрбие • 17 Мамыр, 2023

Дәстүрдің мәйегі

430 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тарихи жады мықты, өзінің ұлттық негізінің қайдан бас­тау алатынын білетін сұңғыла халық заман ағымы, қоғам бағыты қалай өзгерсе де ата-баба салтын, мәдениетін, мұрасын заманға сай жаңартып, жаңғыртып отырады.

Дәстүрдің мәйегі

Ұлтымыздың құндылық­тарын лайықты дәріптей бі­лудің бір көрінісі ретінде біз­дің облыстық балалар және жас­өспірімдер кітапханасында «Сақ – этномәдени орталығы» ашылды. Бұл орталық түркі халықтарының тарихынан, оның бір тармағы болып келетін қазақ халқының ойындарынан, мәде­ние­тінен, өнерінен хабар бе­ріп, балаларды ұлттық салт-дәстүрге су­сындатпақ. Тек қана ұлттық ойындармен шек­телмей, таным көкжиегін кеңейтетін кітаптар насихатталып, әртүрлі пікірталастар ұйымдастырылады, ғылыми жобалар жасалады.

счисм

Жаңа орталықтың тұсау­кесер рәсіміне зиялы қауым өкілдері келіп, жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ шежіреші, қолөнер шебері Дүйсен Шө­кенұлы өзі жасаған заттарды көрмеге әкеліп, қамшы өру, ертоқым, киізүйдің жасалу жолдарын көрсетті.

«Қоңыр: үн, тіл, діл» атты инсталляциялық көрме арқылы қатысушылар қазақ халқының бағзы замандағы сыр мен мұңға толы әуездерін тыңдап, әншілер мен күйшілер туралы толық мағлұмат алды.

ачп

Орталықты ашудағы мақсат – жас өскіндерді халқымыздың салт-дәстүрімен, нәрлі та­ғам­дарымен, оралымды ойға бай мақал-мәтелдерімен таныс­тыру,  садақ ату, ләңгі тебу, асық ату сынды ойындар­ды құ­мары қанғанша ойнату. Со­нымен қатар «Сақ этно­мәдени орталығы» қазақ хал­қының ғана емес, бауырлас түр­кі халықтарының тыныс-тір­шілігі мен салт-дәстүрінен мол мағлұмат береді.

Кітапханамызда ашылып жатқан орталық қоғамда бала тәрбиесіне қатысты ол­қы­лық­тар­дың орнын толтырып қана қоймай, жас жет­кіншектерге рухани азық береді деген ойдамыз. Орталық­тың жұмысы 16 мамыр айынан бастап үздіксіз жұмыс істей бастады.

 

Роза БЕКЕЖАНҚЫЗЫ,

Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкері