Футбол • 17 Мамыр, 2023

13 жыл күткен финал

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

УЕФА Чемпиондар лигасының финалына шыққан алғашқы команда белгілі болды. Италияның екі мықтысы – «Милан» мен «Интер» арасындағы тартысты өткен бәсекеде «Интердің» мерейі үстем болып, 13 жылдан кейін алғаш рет айтулы турнирдің финалына жолдама алды.

13 жыл күткен финал

«Сан-Сиро» стадионындағы қарымта матчтың тағдырын 74-минутта Лаутаро Мартинестің жалғыз голы шешіп кетті – 1:0. Екі ойынның қорытындысы бойын­ша қақпасына бірде-бір гол өткізбей, қар­сыластарын 3:0 есебімен тізе бүктірген «Интер» осылайша араға 13 жыл салып Чем­пиондар лигасының финалына шығып отыр.

Милан қаласының клубы соңғы рет аталған турнирдің финалында 2010 жылы ойнап, қос құлақты кубогке ие болған еді. Даңқты бапкер Жозе Моуриньоның жетекшілігіндегі «Интер» сол жылғы финалда «Бавариядан» 2:0 есебімен басым түскен-ді.

Кешегі екінші жартылай финалда «Ман­честер Сити» мен «Реал» клубтары кез­десті. Мадридтегі алғашқы ойында 1:1 есебі тіркелген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар

Елшіл қайраткерге құрмет

Қоғам • Бүгін, 10:30

«Аллажар» – замана аманаты

Қоғам • Бүгін, 10:10

Отандық өнім, озық технология

Экономика • Бүгін, 09:55

Жанға жайлы Жанұзақ

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Шаруақор Шарбақты

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Автоөнеркәсіп өрісі

Экономика • Бүгін, 09:40

Алаш қаласы қайда?

Тарих • Бүгін, 09:32

Жас буынға тарту

Қоғам • Бүгін, 09:30

Татулықты тұғырлаған белес

Қоғам • Бүгін, 09:25

Саламатты жастар жобасы

Жоба • Бүгін, 09:20

Игілікті еселеген инвестиция

Экономика • Бүгін, 09:15