Мәдениет • 18 Мамыр, 2023

Музей түні қайдан шықты?

582 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық музей күніне орай жыл сайын музейлерде «Музей түні» акциясы өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Музей түні қайдан шықты?

Музейдегі экспонаттардың бәріне жан біткен түндегі қызық оқиғаларға толы «Музей түні» фильмі бәрінің есінде бар шығар. Кішкентай күнімізде соның бәрі рас па екен деп музейлердегі тас мүсіндердің қалай тірілетін көргіміз келетін. Ал қазір музейдің расымен де, өткен тарихтың жаны екенін түсіндік.

Жалпы «Музей түні» акциясының пайда болуына 1993 жылы жарық көрген осы фильмнің әсері бар. Өйткені көптеген көрермен дәл осы кинокартинадан кейін музейді түнде көруге ықылас танытқан.

Ал акция алғаш рет 1997 жылы Германияда өткен. Берлин қаласындағы 18 музей қала тұрғындарын түнде қарсы алған болатын. Шараға 30 мыңнан астам адам келген. Екінші рет өткізілген кезде келушілердің саны 50 мыңға дейін жетіп рекорд орнатылған. Бұл акция әлем елдеріне таралып, танымал бола түсті. Содан кейін 2005 жылы француздар бұл акцияны жыл сайын өткізіп тұруға ұсыныс білдірген. Еуропа кеңесі ұсынысты қабылдағаннан соң «музей түні» әлемнің 38 еліндегі 2 мыңнан астам музейде өткізілген. Ол елдердің қатарында Қазақстан да бар. Акция бірінші рет ҚР орталық музейінде ұйымдастырылған.

Бұл акция Қазақстан музейлерінде осы жылы да ұйымдастырылады.