Екібастұз қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 6:30-да болған. Мәшһүр Жүсіп көшесі бойындағы диаметрі 820 мм №2 жылу магистралінің жөндеу жүріп жатқан учаскесіндегі бекіткіште ақау анықталған.
«Қазір су тоқтатылды. «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС жұмысшылары ақауды жою бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр», деді әкімдіктен.
Сонымен қатар мердігердің бүгін сағат 14:00-ге дейін жағдайды реттеуді жоспарлап отырғаны хабарланды.