Қоғам • 18 Мамыр, 2023

Қазақстандықтар былтыр музейге 6,1 млн рет барған

583 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы Қазақстан азаматтары музейге 6 097 мың рет барса, 2021 жылы 5 104 мың рет болған. Халықаралық музей күніне орай Ұлттық статистика бюросы мәдени мекемеге барушылар жайлы статистикалық мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандықтар былтыр музейге 6,1 млн рет барған

Музейге барушылардың басым бөлігі Түркістан облысында – 1 492 мың келуші, одан кейін Астанада – 643 мың келуші және Шығыс Қазақстан облысында – 564 мың. Бұл ретте музей аралайтын адамдардың ең азы Шымкент қаласында тұратынын айта кету керек – 43 мың.

Шымкент қаласында музей саны да көп емес - небәрі бесеу.

Жалпы 2023 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда барлығы 271 музей жұмыс істесе, бір жыл бұрын оның саны жетіге азайған. 

Көш басында музей саны бойынша Түркістан облысы тұр – 27 музей.

Ақтөбе облысында 20 музей және Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облысының әрқайсында 19 музей жұмыс істеп тұр.

271 музейдің 48-і – тарихи, 109-ы – өлкетану, 65-і – мемориалдық, тағы 14-і – қорық музей, 11-і – өнертану және басқа.

Музейлерде барлығы 2,6 миллион экспонат сақтаулы тұр.