Футбол • 19 Мамыр, 2023

Тобықтан қаққан төрт гол

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше УЕФА Чемпиондар лигасының екінші жартылай финалдық матчының жауапты кездесуі өтіп, «Манчестер Си­ти» араға екі жыл салып тағы да фи­налға шықты.

Тобықтан қаққан төрт гол

Англияның Манчестер қаласындағы 55 мыңға жуық жанкүйерге арналған «Этихад» стадионында алаң қожайындары Чемпиондар лигасының 14 дүркін жеңімпазы Испанияның «Реал» командасын қабылдап, қарсыластарын 4:0 есебімен тізе бүктірді. Алаң иелері сапынан бірінші таймда Бернарду Силва дубльдің авторы атанса (23 және 37-минуттарда), екінші таймда Эдер Милитао (76-минут) өз қақпасына гол соғып алды. Ал кездесудің нүк­тесін 91-минутта Хулиан Альварес қой­ды. Мадридтегі алғашқы матчта 1:1 есебі тір­келген болатын.

Осылайша, турнирдің былтырғы жеңім­паздары биыл жартылай финалда сүрініп, өз атағын қорғай алмады. Сөйтіп, 2022/23 жылғы маусым финалында «Интер» мен «Манчестер Сити» клубтары кездесетін болды. Матч 11 маусым күні Ыстанбұлда өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Елшіл қайраткерге құрмет

Қоғам • Бүгін, 10:30

«Аллажар» – замана аманаты

Қоғам • Бүгін, 10:10

Отандық өнім, озық технология

Экономика • Бүгін, 09:55

Жанға жайлы Жанұзақ

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Шаруақор Шарбақты

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Автоөнеркәсіп өрісі

Экономика • Бүгін, 09:40

Алаш қаласы қайда?

Тарих • Бүгін, 09:32

Жас буынға тарту

Қоғам • Бүгін, 09:30

Татулықты тұғырлаған белес

Қоғам • Бүгін, 09:25

Саламатты жастар жобасы

Жоба • Бүгін, 09:20

Игілікті еселеген инвестиция

Экономика • Бүгін, 09:15