Президент • 19 Мамыр, 2023

Қазақ-қытай шекарасында үшінші темір жол өткелін ашу маңызды – Президент

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қытай мен Қазақстан арасындағы «Бір жол – бір белдеу» жобасының жалғаса беретінін әрі көлік-логистика инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүдделі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақ-қытай шекарасында үшінші темір жол өткелін ашу маңызды – Президент

«Көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуымыз қажет. Он жыл бұрын Астанада Си Цзиньпин мырза «Бір белдеу – бір жол» бастамасын ұсынған болатын. Содан бері осы ауқымды жобаның тиімділігіне және қажеттігіне бүкіл әлем көз жеткізді. Бұл мегажоба Ұлы Жібек жолын жаңғырту ісіне ықпал етті. Сондай-ақ көптеген елде заманауи көлік инфрақұрылымын салу жұмысын жандандырды. Қазақстан – Қытайдың жақын көршісі әрі сенімді серіктесі. Сондықтан, «Бір белдеу – бір жол» жобасына атсалыса береді», деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қытай арасында темір жол салуға бастама көтерді.

«Осы орайда, қазақ-қытай шекарасында үшінші темір жол өткелін ашу маңызды қадам болмақ», деді Президент.