Президент • 19 Мамыр, 2023

Орталық Азия мен Қытай арасындағы өнеркәсіп ынтымақтастығы арта береді

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» саммитінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталық Азия мен Қытай арасындағы өнеркәсіп ынтымақтастығы арта береді

«Бұл сала Орталық Азияның экономикалық дамуына берік тұғыр бола алады. Аймақтағы елдер бірлесіп, соңғы жылдары бірқатар ірі жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл – қуанышты жағдай. Оған Қытайдың атсалысуы жобалардың табысты болуына септігін тигізері анық. Мен Орталық Азия мен Қытайдың өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын дамыту жоспарын әзірлеуді ұсынамын. Бұл жоспарды аймақтағы барлық елдің ерекшелігі мен сұранысын ескере отырып жасаған жөн», деді Президент.