16 Шілде, 2014

Елдегі ең үлкен жатақхана есік ашты

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың қатысуымен Қара­ғанды мемлекеттік техникалық уни­верситеті студенттеріне арнап са­лынған «Армандастар ордасы» жатақханасы ашылды. Президенттік «Студенттер тұрғын үйі» бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімде бой көтеріп, пайдалануға берілген 822 орындық бұл қоныс тұрғындарына қолайлы тұрмыстық жағдайда алаңсыз оқуға барлық мүмкіндік жасалған. 2-3 адамдық бөлмелерге осы заманғы жиһаздар қойылған. Сымсыз ғаламтор, мәслихат залы, ең жаңа медициналық жабдықтармен жарақталған денсаулық пункті, асхана, жастар игілігіне қызмет етеді. Дәл жанындағы «Жастар әлемі» Мәдениет сарайы мен спорт кешені бос уақыттарын пайдалы өткізуіне ыңғайлы. – Елбасының өзі басты назарда ұстап отырған мемлекетіміздің біз­дерге арналған аялы қамқорлығына ризалығымыз шексіз. Соған орай жақ­сы оқып, үлгілі тәрбие алып, сүйікті Қазақстанымыздың өсіп-өркендеуіне лайықты үлес қосуға құлшынысымыз жоғары, – деді қоныстастары атынан сөз алған 3-курс студенті Рустам Чужиков. Министр аталған оқу орнында болу кезінде сондай-ақ, машина жасау, байланыс және телекоммуникация бағыттары бойынша жұмысшы мамандықтары орталығы, «Минералдық шикізат кешенді игеру» инженерлік бейіндегі сынақ зертханасы, дәнекерлеу институты жұмысымен танысты. Айқын Несіпбай, «Егемен Қазақстан». ҚАРАҒАНДЫ.
Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28

21 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Референдум • Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15