Ауа райы • 19 Мамыр, 2023

Жел, жаңбыр: алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Казгидромет» РМК синоптиктері 20-22 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жел, жаңбыр: алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайды: жаңбыр, найзағай, оңтүстік өңірлерде бұршақ сақталады.

20 мамырда батыста, солтүстік-батыста, орталықта және оңтүстікте, 20-22 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болжанып отыр. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, республиканың оңтүстігінде дауыл болжанады.

Қазақстан бойынша температуралық фонның жоғарылауы күтіледі. Түнгі уақыттарда солтүстік-батыс және солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.