Спорт • 21 Мамыр, 2023

Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінде жеңіске жетті

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елена Рыбакина Римдегі турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Италияның астанасы Римдегі WTA 1000 турнирінің финалында әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен ойнады.

Елена Рыбакина бірінші сетте 6:4 есебімен ұтты, екінші сетте қазақстандық теннисші 1:0 есебімен алға шыққанда, Ангелина Калинина ойынды жалғастырудан бас тартты. Осылайша, қазақстандық теннисші чемпион атанды.