Қоғам • 21 Мамыр, 2023

ШҚО-да «Болашақ аналар мектебі» ашылды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында әйелдерді босандыруға дайындайтын «Болашақ аналар мектебі» ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да «Болашақ аналар мектебі» ашылды

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Болашақ аналар мектебі» жобасы Өскемендегі Ана мен бала орталығында жүзеге асырылады. Онда жүкті әйелдерге көмек көрсетіліп, ақыл-кеңестер беріледі.

«Болашақ аналар мектебі» әйелді алдағы босануға дайындау және жаңа туған нәрестені күту мақсатында құрылған. Бұл курстар дұрыс тыныс алуға үйретеді, психологиялық кедергіден өтуге мүмкіндік береді»,  дейді ШҚО бойынша босанғанға дейінгі күтім бойынша үйлестіруші Надира Слямханова.

Осы жылдың басынан бері 252 жүкті әйелге осындай көмек көрсетілген. Сараптама көрсеткендей, олардың 65 пайыздан астамы асқынусыз босанған.

Айта кетейік, өңірдегі әрбір жүкті әйел өз емханасының дәрігерінен жолдама алып, «Болашақ аналар мектебінде» босануға тегін дайындала алады.