Қоғам • 21 Мамыр, 2023

Шымкентте адамдар отырған аттракцион биіктікте 20 минут тұрып қалған

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент саябағындағы «Бәйтерек» аттракционы бұзылып, адамдарымен бірге биіктікте тұрып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Elitar.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкентте адамдар отырған аттракцион биіктікте 20 минут тұрып қалған

Куәгерлердің айтуынша, аттракцион биіктікте 20 минут тоқтап қалған.

Қала тұрғыны Роман сайтқа берген сұхбатында  достарымен саябаққа демалуға барғанын айтқан.

«Біз екі жігіт, төрт қыз болып отырдық. Бір кезде аттракционнан ақау шыққанын байқадық. Қыздар қорқып, айғайлай бастады. Мен оларды тыныштандыруға тырыстым. 20 минуттай жоғарыда отырып қалдық, содан кейін қызметкерлер бізді түсіре бастады, бірақ толық емес, өйткені құрылғы дұрыс жұмыс істемей тұрды», деді ол.

Осыдан кейін саябақта дүрбелең басталған, адамдар өз өмірі үшін қорқып, үрейленген. 

Енді қала тұрғындары атракционды жөндеу үшін барлық аттракционды жабуды талап етіп жатыр.