Алматы • 21 Мамыр, 2023

Мереке түн ауғанша толастамады

264 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Бір күндік акция Алматыда да сәтті өтті. Музейі көп шаһардың тұрғындары бұл мерекені асыға күтеді. Руханияттың баға жетпес байлығын көздің қарашығындай сақтап, өнер мен мәдениеттің шырақшысы міндетін абыройлы атқарып, кәсіби мерекесін бүкілхалықтық айтулы шараға айналдыра білген музей қызметкерлері бұл күні келгендерге есігін ақысыз айқара ашады.

Мереке түн ауғанша толастамады

Адам аяғы сиректеу келе­тін мә­де­ниет мекемесіне қонақтарды тар­­ту мақсатында ойлап табылған жақ­­сы жоба көпшілік сипат алып, дәс­түрге айналғалы бай бағ­дар­ла­масымен қуантып келеді. Биыл да Халықаралық музей күні­ қарсаңында Алматы қаласы Өңір­лік­ коммуникациялар қызметі алаңын­да­ ­Мемлекеттік орталық музей мен­ «Алматы қаласы музейлер бірлес­ті­гі» өкілдері арнайы баспасөз мәсли­ха­тын өткізді.

Құрамына 8 музей кіретін «Ал­ма­ты қаласы музейлер­ бір­лес­тігі» өзге­ше леппен өткізетін игі дәстүрін жетіл­діре отырып, «Тарих. Тұлға. Музей» тақырыбында ауқымды мәде­ни-көңіл көтеру шарасын­ ұсын­ды.­ «Музейлер Алматы қаласының руха­ни және мәдени өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Біз­дің мұражайларға келу­ші­лер арте­факті­лермен танысып, олардың тари­хы мен Алматы қаласының тари­хы туралы біліп қана қоймай, түр­лі рухани-тарихи және мәдени іс-шараларға қатысып, ой-өрістерін кеңей­теді. Осындай акциялардың бірі «Музей түні» болып табылады»,– деді Алматы қаласы музейлер бірлестігі директорының даму жөніндегі орынбасары Қайрат Тарбаев.

Алматы музейінде «Тірі му­­­зей»­ театр­ландырылған қо­­йы­лымы ұйым­­­дас­тырылды. Рет­­ро стильде ұйым­дастырылған ша­ра­ тамаша­лай келген мейманды бірден өткен кезеңнің сапар-саяхатына шақырады. Келген­дер­ді қола дәуіріндегі әйел, қазақ ба­тыр­лары, сондай-ақ Алаш кезеңін­де­гі­ басқа да белгілі тарихи тұлғалар қар­сы алды.

Іс-шара бағдарламасында С. Мұ­­­қ­­­­­а­­нов пен Ғ.Мүсіреповтің әде­би-мемо­риалдық музей­ ке­шенінде жәді­герлер жайлы­ әсерлі әңгіме айты­лып, қос­ классиктің өмірі мен­ шығар­ма­шы­лығы бойынша­ та­нымдық сөз­жұмбақ ойыны ұсы­ныл­ды. Жазу­шылардың әдеби мұра­сы­мен­ жақсы таныс қала тұрғын­да­ры,­ студент жастар білімін орта­ға­ са­лып, зейіні ерек белсенді оқыр­ман сы­­й­лық пен кітап иеленіп жатты. Көп­шілікке қаламгердің сценарийі бойын­ша түсірілген «Амангелді», «Қыз Жібек» көр­кем­ фильмдері, жеке өмірін баян­дай­тын «Классиктің кешіккен махаббаты» атты деректі фильм көрсетілді. «Жаңа ғасыр» жастар театрының актерлері Сәбит пен Ғабит рөлінде ойнады.

 Ықылас атындағы халық музы­ка­лық аспаптар музейінде және­ Мультимедиалы дәстүрлі музы­ка­ орталығында дәстүрлі әнші­лер­ Мұрат Әбуғазы, Нұржан Жан­пе­йісов, Рамазан Стамғазиев, «Steppe Sons» модерн этно-джаз тобы­ның­ қатысуымен концерт өтті. Музей­дің­ экспозициялық залдарында келу­шілерді Қорқыт, Құрманғазы, Ақан­ сері, тағы басқа кейіпкерлер қар­сы алды.

А.Байтұрсынұлы музей үйін­де­гі бас­ты шара – «Ұлттың ұлы­ ұстазы» атты­ тұлғаның 150 жылдығына орай дайын­дал­ған ұжымдық жинақтың тұсау­­кесер рәсімінің жасалып, сый­ға тартылуы болды. Түнгі музейді тамашалап келген мектеп оқушылары А.Байтұрсынұлы өлең­дерін мүдір­мес­тен жатқа оқып­, жиналған жұрт­ты сүй­сін­тті. Д.Қонаев музе­йінде, Н.Тілендиевтің мемориал­ды­ музейінде де тақырыптық экс­кур­­сиялар, танымдық әңгіме, интел­­лектуалды квест-ойындар ұйым­дас­ты­рылды.

«Осыдан тура 18 жыл бұ­рын отандық музей кеңіс­ті­гінде алғаш рет ерекше ірі оқиға орын алды – Қазақстан Республикасының Мем­ле­­­кет­­тік орталық музейі «Халық­аралық Музей­лер кү­ні»­ кәсіби мерекесіне арнал­ған­­ «Музей түні» әлеуметтік маңы­зы бар акциясын өткіз­ді»,­ – деді өз кезегінде музей­ директорының ғылыми жұмыс­тар­ жөніндегі орынбасары Ғалия Теміртон. Орталық музей­ге келушілер үшін «ХХІ ғасыр­дың­ ­­көшбасшылары мен танымал тұлғалары. Бірлескен шығармашылық» көрмесі ресми ашылды. Мұнда кәсіби қылқалам шеберлерінің шығармашылығы таныстырылды. Алуан түрлі та­қы­­рыпты қамтыған мереке бағ­­дар­­ламасына сәйкес келген қонақ­тар мазмұны бай тартымды көрме­лерді тамашалау­мен болды. Музей қорынан ұсынылған «Ер жігіттің бес қаруы бойында»­ қару-жарақ көрмесінің ашылуы, Қазақ­стан суретшілер пленері қатысу­шыларының «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» жобасы, сурет­ші­-дизайнер Айдан Әбду­баи­то­ва­­ның «Зерлеу» топта­ма­сы­ның этно­көрсетілімі – биылғы мере­кенің бас­ты жаңалығы.

Бұл күні мұражай бағдар­ла­­ма­­­сында интерактивті білім­ беру бағ­дар­ламалары, театр­лан­дырылған сабақ­тар және бала­лар­ға арналған экскур­сиялар түрін­де­гі көптеген акция­ бірнеше жоба­ны қам­ты­ды. «Археолог өмірі­нен бір күн»,­ инсталляция-квест, «Үш тақы­рып­қа – үш тарих»,­ «Үш діннің ерек­ше тарихи мұралары: Тора, Биб­лия, Құран» – музей сабағы, «Жеті қазына», «Қазақтың әшекей бұйым­да­­ры», «Ұлы Жібек жолы» – балалар коворкинг орталығындағы шығар­ма­шылық сағаттары, «Ұшатын кеме­» қойылымы алматылықтар мен қала­ қонақтарын бір сәтке зеріктіре қой­мады.

Жыл сайын өнер туын­ды­ла­рын­ қы­зықтап келгендердің қалың шоғы­рын кең залдарында толассыз қабыл­дайтын Ә.Қастеев атындағы Мемле­кет­тік өнер музейі ауқымды шарасын аулада ұйымдастырылған сән­дік-қолданбалы бұйымдар жәрмеңкесімен қарсы алды. Белгілі сурет­ші Гүлмарал Тәтібаеваның «Great Qamzol» және «Аңыз» тақы­рыптық тұ­жырымдамасымен үнде­се­тін инсталляциялары бірден мере­ке­лік­ көңіл күй сыйлады. «Музей түні – 2023» жобасы аясында киіз басу өнері­ бойынша шеберлік сабағына те­гін қатысуға алдын ала 20 серти­фи­кат ұтыс ойыны ойнатылған болатын. Сондай-ақ «Mediker» компания­сы­мен бірлесіп, әлемдік өнер туын­дыларының кейіпкерлері не­гізінде ең жарқын және ерекше костюмге байқау жарияланды. Жеңімпаздар компания атынан бағалы сыйлықтар ұтып алды. Екінті уақы­тынан бастап түн ауғанша мың­да­ған адамды қабылдаған Ә.Қастеев музе­йіндегі «Емдеу өнер» көрмесі, «100 жауһар» экспозициясы және «Қазақ­станның сәндік-қолданбалы өнері» тұрақты залында тақырыптық экскурсиялар, өрнектеп киіз басу өнері, мүсін фигураларын жасау,­ сазбалшықтан бұйым жасау шебер­лік­ сағаттары, «Инклюзивті Экоарт-ма­нифест» шеңберіндегі шеберлік са­ғаты, яғни пластик пакеттерден туын­ды жасау, көзді байлап, ермек­саз­бен мүсіндер жасау, Сергей Чер­вяковтың пантомиялық театры,­ Алматы Үнді классикалық би және йога орталығы, пианист Ләз­зат Әлмұхамбетованың ерек­ше­ шығар­ма­лары, Абай атындағы Ұлттық опера және балет театры солистерінің өне­рі көрермендерді таңырқатпай қой­мады.

 

АЛМАТЫ