«ҚХР Орталық Азия елдерімен «Қытай-Орталық Азия» тетігін бірлесе отырып, алты ел арасындағы терең ынтымақтастықты ілгерілете отырып, маңызды платформаға айналдыру үшін жұмыс істеуге дайын», деді Си Цзиньпин.
Ал қазақ елі туралы Си Цзиньпин Қытай Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше маңызға ие екенін айтып, екіжақты қарым-қатынастар терең достық пен берік өзара сенімге, ортақ мақсаттар мен міндеттерге негізделгенін айтты.
Өз кезегінде Қ.Тоқаев «Бір белдеу – бір жол» (BRI) жобасы тамаша бастама екенін және Қазақстан жобаны жалғастыратынын айтты. Сондай-ақ күрделі кезеңде Төраға Си Цзиньпин ұсынған үш бастаманың, атап айтқанда, жаһандық даму, жаһандық қауіпсіздік және жаһандық өркениет бастамасының үлкен мәнге ие екенін айтып, Қытаймен көбірек байланысты қолдайтынын жеткізді.
Кездесуден кейін екі мемлекет басшысы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.
Сианьдағы саммит
Қытайды батысындағы өркениеттермен байланыстырған Ежелгі Жібек жолының бойындағы Сиань қаласы баннерлер және билбордтармен көмкерілді. ҚХР Орталық Азия саммитіне жақсы дайындалған.
Сиань қаласына бірінші болып Қытайдың Орталық Азиядағы ең ірі сауда әріптесі, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табан тіреді. Қытай басшысы Қ.Тоқаевты жылы қарсы алып, 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
Кездесуде екі ел басшысы «Қытай-Орталық Азия» табиғи газ құбырының қазақстандық учаскесінің қауіпсіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мұнай және уран саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге келісті.
Саммит барысында Қытайдың мемлекеттік энергетикалық алпауыты «Sinopec» пен қазақстандық «KazMunayGaz» (KMGZ) Батыс Қазақстанның Атырау облысындағы полиэтилен жобасына әлеуетті инвестиция салудың негізгі шарттарымен танысып, келісімге келді.
Қытай және Орталық Азия «жаңа дәуірі»
Қытай төрағасы Си Цзиньпин Сианьда өткен Орталық Азия саммитінде елдер арасындағы байланыстардың «жаңа дәуірімен» құттықтап, Пекин стратегиялық маңызды аймақтармен қарым-қатынастарын тереңдетеді деп мәлімдеді.
Си айтқан стратегиялық аймақтардың көш басында Қазақстан мемлекеті тұр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саммит қарсаңында Си Цзиньпинмен кездесуде екі ел арасындағы жүзеге асырылып отырған ірі жобаларды жоғары бағалады.
Си Цзиньпин сондай-ақ Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа Қытайдың Қырғызстанмен «тату көршілік, достық, ортақ гүлдену және ортақ болашақ қоғамдастығын құру үшін жұмыс істеуге дайын» екенін айтып, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан арасындағы тығыз байланыстарды жоғары бағалап, экономикалық және мәдени алмасуларды кеңейтуге уәде берді.
Орталық Азияға білдірілген сенім
Қытай Орталық Азияның бес еліне миллиардтаған доллар «қаржылық қолдау мен тегін көмек» беруге уәде берді.
Си Цзиньпин Орталық Азия елдерінің басшыларына Қытай әр аймақтағы құқық қорғау, қауіпсіздік және қорғаныс қабілетін арттыра алатынын айтты. Екі күнге созылған кездесу барысында ол әрбір басшымен кездесіп, сауда, инфрақұрылымды және технологияны инвестициялауды ұлғайту және визасыз саяхат жасау туралы екіжақты келісімдерге қол қойды.
Әсіресе Қазақстанмен жасалған арадағы келісім ҚХР үшін маңызды болды.