Білім • 22 Мамыр, 2023

Биылғы ҰБТ-ға өзгеріс енгізіле ме?

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл ҰБТ тапсыратын мектеп түлектерінің 75 пайызы сынақтан қазақ тілінде өтуге өтініш білдірген. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биылғы ҰБТ-ға өзгеріс енгізіле ме?

«Тест тапсыру тіліне тоқталсақ, түлектердің 75 пайызы сынақты қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде тапсырады. Тағы 243 адам (0,14%) ағылшын тілін таңдады. Биыл тест форматында өзгеріс жоқ. Пән саны өзгеріссіз қалады, яғни үш міндетті және екі бейіндік пән қамтылған. Барлығы 120 тест сұрағы болады. Ең жоғары ұпай – 140. Тестілеудің жалпы уақыты - 4 сағат», деді Қуаныш Ерғалиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында.

Айта кетсек, ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлердің тест тапсыруына қолайлы жағдай қарастырылған. Мәселен, оларға қосымша 40 минут уақыт беріледі. Аталған санаттағы түлектер үшін сызба мен диаграммаларсыз сұрақтар әзірленеді.

Биылғы негізгі ҰБТ 5 шілдеге дейін жалғасады.