Аймақтар • 22 Мамыр, 2023

Сел қаупі сейілген жоқ

281 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Етекте жаз болғанымен, таулы жердегі қардың көбесі енді ғана сөгілді. Сондықтан да ТЖД қызметкерлері 15 мамыр­дан бастап Шығыс Қазақстанда сел жүру қаупі барын ескер­тіп отыр.

Сел қаупі сейілген жоқ

Анықталғандай, Катон­қа­рағай, Алтай және Зайсан аудан­да­рында, Риддер қала­сында бар­лығы 13 сел жүрудің қауіпті оша­ғы бар екен. Қауіп төніп тұр­ған төңіректегі тауларда ұзын-саны 144 мореналық көл қалыптасқан. Арнайы мамандар жыл сайы­н қауіпсіздік мақсатында көл бе­тіндегі мұз ери бастаған сәттен жаз ортасына дейін қадағалап, тек­серумен болады.

Сонымен қатар тау беткей­леріндегі сырғыма қауіпті 9 учас­ке бары анықталды. Әсіресе, күре жолдардың бойындағы бет­терден сырғитын шағыл тас әрі-бері ағылған жолаушыларға қауіп төндіреді. Мұның алдын алу үшін төтенше жағдайлар департаменті «Қазселденқорғау» ММ Шы­ғыс Қазақстан аумақтық пайдалану басқармасы филиалымен бір­лесіп, сел және сырғыма қаупі бар учаскелерде тұрғындар мен инфрақұрылымның қа­уіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іс-шаралар жоспары дайын­далды. Өзен арналары және сел, сырғыма қауіпті учаскелерде жерүсті және аэро­визуалды зерттеу кестесі әзірленді. Мореналық көл­дерде батиметриялық жұ­мыс­тар атқарылды. Сел қаупі бар учаске­лерде 20 ескерту және тыйым салу тақ­тайшалары орнатылды.

Көшкін сел және сырғыма қаупі бар аудандардың жергілікті атқарушы органдарына, ғи­ма­раттары қаупі бар учаскелерде орналасқан кәсіпорын басшыларына, жеке үй иелеріне ескерту парақшалары таратылды.

Айта кетерлігі, сел жағдайына бақылау жүргізу үшін маусымдық 9 гидропост және жыл бойына жеке бір гидропост жұмыс іс­тейтін болады. Мамандардың пі­кірінше, сел жүру маусымында тау-тасқа шығуды кейінге шегере тұр­ған абзал.

 

Шығыс Қазақстан облысы

 

Соңғы жаңалықтар