Өскемендегі жаңа зауыт тәулігіне 400 тонна сүт өңдеп, одан 60 түрлі өнім шығарады
Осыдан екі апта бұрынғы Астана күні қарсаңында ұйымдастырылған телекөпір барысында Шығыс Қазақстан облысында сүт өңдеу зауыты іске қосылған еді. Сөйтіп «Raimbek Vostok Agro» корпорациясы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында құны 1,2 млрд. теңге болатын зауытты қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асырды. 1995 жылы жұмысын тоқтатқан сүт зауыты соңғы жылдары қалпына келтіріле бастаған. Нәтижесінде «Шығыс-Сүт» ЖШС базасында сатылы-біріктіру арқылы сүт кластері құрылды. Қуатты 7 сүт өңдеу кәсіпорнын орнату тәулігіне 400 тонна сүтті өңдеуге, сүт өнімдерінің 60 түрін шығаруға мүмкіндік берді. Өңдеуге қажетті шикізатты 8 аудандағы 20 шаруашылық қамтамасыз етеді. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорында 250 адам жұмыс істейді.
«Шығыс-Сүт» кәсіпорны Ресей мен Белоруссияға сүт өнімдерін шығарады. Бүгінгі күні зауыттың ірімшік өнімдері Ресейдің Омбы, Новосібір, Барнаул қалаларына тасымалдануда.
–Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы тауарымызды тасымалдауға, шығындарымызды азайтуға, кедендік алымдарсыз еркін қозғалуымызға септігін тигізіп отыр», дейді «Шығыс-Сүт» ЖШС директоры Сейілжан Сайлаубаев.
Өңірде кәсіпкерлер үшін «Бәйтерек» ұлттық холдингінің желісі бойынша екінші деңгейлі банктерден жеңілдетілген несие алу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оған облыста 1 млрд. 200 млн. теңге көлемінде 21 жоба ұсынылды. Оның ішінде 700 млн. теңгеге жуық қаржыға қол жеткізілді. Облыс басшылығы Ұлттық қордан «Бәйтерекке» бөлінген 55 млрд. теңгенің 10 пайызға жуығына қол жеткізуді көздеп отыр. «Шығыс-Сүт» компаниясы екі жоба бойынша пайыздық үстемесі төмен қаржы алған болатын. Кластерлік кәсіпорын ретінде құрылған зауытта сүтті сауудан бастап, өңдеу, өнім алуға дейінгі аралықтағы өндірістік үдеріс жолға қойылған. Зауыт басшысының айтуынша, 350 млн. теңге несиенің арқасында Глубокое ауданында «Бобровка+» роботтандырылған фермасы жұмысын ойдағыдай жүргізсе, екінші жоба ретінде 364 млн. теңгеге Өскемен қаласындағы сүт өңдеу комбинатының құрылысы салынды. Бұл жоба толық қуатымен іске қосылғанда жылына кем дегенде 30 мың тонна өнім өндіре алады. Тапсырыс пен сұранысқа орай өнім көлемін арттыруға мүмкіндік бар. Алдағы уақытта сүт өнімдерінің 100 түрін шығаруды жоспарлап отыр. Кәсіпорын жетекшісі индустрияландыру картасы шеңберінде ұсынылып отырған несие үстемесінің бизнесті өркендетуге өте қолайлы болып отырғанын жеткізді. Мәселен, кәсіпкерлер бұрын 15 пайыздық үстемемен қаржы алса, бүгінде 6 пайыздық үстемемен қаржы алып отыр. Мұндай жеңілдік еш жерде жоқ.
Шығынды азайта отырып, еңбек өнімділігін арттыру бағытында осыдан екі жыл бұрын қолға алынған зауыттың жаңа комбинатында бүгінгі нарық талабына сай құрал-жабдықтарды жаңғырту, жоғары технологияны енгізу жұмыстары атқарылды. Италия, Жапония, Швеция және Ресейден әкелінген жоғары технологиялық құрал-жабдықтар орнатылды. Өнімнің өзіндік құны мен сапасының сәйкес келуін ұштастыру үшін ұтымды жұмыстар атқарылды. Қуаты облыс аумағында өндірілетін сүттің барлығын өңдеуге жетеді. Яғни, зауытта өндірілетін сүт өнімдері шикізаттың көлеміне байланысты болмақ.
Шығыс Қазақстан өзін-өзі азық-түлікпен толығымен қамтамасыз ете алады. Тек қант пен тұзды ғана сырттан тасымалдайды. Осы орайда өңірде ауыл шаруашылығы саласындағы импортты азайту жоспарланып отыр. Тағы бір айта кететін жарқын мысал, өңірдің Кеден одағы шеңберіндегі тауар айналымы былтыр 1 млрд. долларды құраса, биыл бес айда 400 млн. долларға жетті. 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы өсім 1,4 есеге артты. Бұл көрсеткіш ағымдағы жылы тағы ұлғая түседі деп күтілуде. Мұның барлығы өңірдегі әлеуетті кәсіпорындардың арқасында мүмкін болып отыр.
Елімізде күнбағыс майын өндіруде Шығыс өңірі жетекші орынға ие. Жылына 350 мың тонна өсімдік майы өндіріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан күнбағыс майымен өңірді ғана емес, республика мен көршілес елдердің нарығын да қамтуды жоспарлап отыр.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.
Суретті түсірген
Сергей Суров.

Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52
«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады
Еңбек • Бүгін, 16:45
Қызылорда облысында түйе ұрлаған азамат 5 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 16:28
Қан донорларына төленетін өтемақы мөлшері көбейе ме?
Медицина • Бүгін, 16:15