17 Шілде, 2014

Полицей парамен ұсталды

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Таразда парақор әскери полицей ұсталды. Жамбыл облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне С. деген азаматтан арыз түсіпті. Ол Ішкі істер ми­нистрлігінің №5513 әскери бөлімі әскери поли­ция бөлімшесінің аға анықтаушысы, полиция капи­таны Р. деген азаматтың өзін қылмыстық жауап­кер­шілікке тартпау үшін ақша талап еткенін айт­қан. Ақша берсе, істі болудан құтқарамын деген әс­ке­­ри полицей қызметі үшін алатын ақшасының да көле­мін нақты айтып, екі жақ 50 мың теңгеге келісіпті. Бірақ, істі болушы қаржының  барлығын бірден бере алмайтынын жеткізген. Алдын ала жүргізілген жедел-іздестіру шаралары кезінде қаржы полициясының қызметкерлері әскери полицейдің 20 мың теңге ақша алған сәтін тіркеген. Ертеңіне қалған 30 мың теңгені алып жатқан кезінде өзі де қолға түсті. Кінәсін бірден мойындағандықтан, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу өндірісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жамбыл облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басқарма басшысы Камал Қалыбековтің айтуына қарағанда,  күдіктінің үстінен  Қылмыстық кодекстің 311-бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы.