Оқиға • 23 Мамыр, 2023

Алматы тауларында жоғалған туристің денесі табылды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық құтқарушылар Алматы тауларында жоғалып кеткен аустралиялық туристің денесін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы тауларында жоғалған туристің денесі табылды

1995 жылы туған Аустралия азаматы 21 мамыр күні Үлкен Алматы шатқалына қарай тауға шыққан. Полиция департаментіне сол ер адаммен бір жатақханада тұрған Ресей азаматы жүгінген. Жоғалған адамды соңғы рет жұмыстағы әріптесі көрген. Оның айтуынша, олар 20 мамыр күні турист болып келген. 22 мамырда таңғы сағат 7-де туристер қайтып оралуы керек еді, алайда досы қала әуежайына жалғыз келген.

Туристі іздеуге 6 адам мен 1 кинологиялық бригададан тұратын Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушыларының жедел тобы жіберіліп, сағат 23:40-та іздеу жұмыстары басталды. Сағат 02:40-та құтқарушылар мен полиция департаментінің қызметкерлері ғарыш станциясына көтеріліп, беткейлерді тексерді.

Түнде Үлкен Алматы көлінде ауа райы бұзылып, жаңбыр, қар жауып, қатты жел соққан. Сағат 15:48-де Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты жедел-құтқару жасағының бастығы Арыстанбаев Бауыржан спутниктік байланыс арқылы ақпарат берді, құтқарушылар Алматы әкімдігінің авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің құтқарушыларымен бірлесе отырып, Аюсай шатқалындағы алғашқы сарқырамадан мәйітті тапты. 

Осы тұста Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салды.

«Тауға жалғыз шықпаңыз, туыстарыңыз бен достарыңызға қайтудың болжалды уақыты туралы алдын ала ескертіңіз. Жолға шықпас бұрын таулардағы ауа-райын мұқият қараңыз. Сөмкелеріңізге міндетті түрде фонарь, сіріңке, қуаттағыш, GPS-навигатор, қосымша киім, жылы шұлық алыңыз», деді құтқарушылар. 

Соңғы жаңалықтар